Научная деятельность

Ғылыми зерттеу жұмыстар жоғары білімді мамандарды даярлаудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Кафедралардың ҒЗЖ тақырыптары ғылыми және педагогикалық біліктілігіне сәйкес жүргізеді.

Оқытушылар гранттық зерттеулер конкурстарына белсенді қатысады, ынталы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедра орындаған гранттық ғылыми-зерттеу жұмысы:

1.«Қыл сымды CVD әдісімен алмазды қабықшалар негізінде биологиялық және химиялық сенсорлардың түп нұсқаларын дайындау» Жетекші П.ғ.к., доцент Жүсіпқалиева Ғ.Қ. (Мақсаты- Қоршаған ортаны қорғауға жоғары талаптар, азық-түліктің химиялық құрамын бақылау, шикізаттың және өндірістің қалдықтары зиянды заттардың концентрациясын дәл анықтайтын аналитикалық приборларды құруға арналған сезімтал материалдар – сенсорларды дайындау.)

Осы ғылыми зерттеу жұмысы бойынша аға оқытушы Искалиева А.У. Касимир Ұлы Университетінде (Быдгощ, Польша). «Қыл сымды CVD әдісімен алмазды қабықшалар негізінде биологиялық және химиялық сенсорлардың түп нұсқаларын дайындау» бағытында зерттеу жұмысымен айналысып, тәжірибе жинақтап қайтты.

Ынталы ғылыми-зерттеу жұмысы:

2.«Разработка цифрового лабораторно-практического комплекса по обновленной программе физики». Жетекшісі ф.м.ғ.к., доцент Кушеккалиев А.Н. (Мақсаты - мектептердегі зертханалық және демонстрациялық эксперименттерге арналған кеңейтілген талдау және интерфейс функциялары бар аппараттық-бағдарламалық кешенді құру)

Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысы:

3. «Жаратылыстану-ғылыми пәндерінің мұғалімдерін дайындау мазмұнындағы элективті курстардың ғылыми-әдістемелік тәсілдемесін жетілдіру» Жетекшілері ф-м ғ. к., профессор Кузьмичева А.Е., ф-м ғ. к., доцент Кульжумиева А.А. (Мақсаты- оқу мазмұнын жетілдіру арқылы физика-математикалық цикл пәндері бойынша жоғары оқу орындарының түлектерін кәсіптік даярлау сапасын арттыру болып табылады )

Профессорлық-оқытушылар құрамы аймақтың көптеген мектептерімен ынтымақтастық жасайды, мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын басқарады, түрлі сайыстарға, конкурстар мен конференцияларға қатысады.

Зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік басылымдарда, соның ішінде импакт-фактормен және Tomson Reuters, Scopus халықаралыққорына еңген ғылыми журналдарында, конференция жинақтарында жарияланады.

2017-2019 жылдарға жарияланған ғылыми жұмыстардың тізімі

Атауы

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

1

ҚР БжҒ министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда

14

18

14

2

Шетелдік ғылыми журналдарда және конференция жинақтарында

15

16

19

3

Импакт-факторлы жоқ журналдарда Қазақстандық орталықтандырылған базасы, РИНЦ базасы

2

1

2

4

Импакт-факторы жоғары журналдарда, Thomson Reuters, Scopus халықаралық базасынан шығатын журналдарда

5

3

1

Сонымен қатар, кафедра оқытушылары оқу үрдісін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдірумен, академиялық пәндерді әдістемелік қамтамасыз етудің сұрақтарымен, дәрістердің рефераттарын, олардың электрондық нұсқаларын құрастырумен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялаумен, халықаралық және республикалық конференцияларға қатысумен жұмыс жасайды.