Практика

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Физика кафедрасында мамандықтар бойынша студенттердің әр оқу жылындағы педагогикалық сарамандарын тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады.

Педагогикалық сараманның мақсаты:

  • мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;
  • теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
  • инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістегі озық әдістерді меңгеру;
  • ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
  • топтық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;
  • өз бетінше қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.

Қазіргі кезде қоғамдағы өзгерістер білім беру саласында тың үрдістерге бастады. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мақсат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді ұрпақ өсіру. Олай болса, кәсіби деңгейде қалыптасқан, белсенді маман даярлау - білім орындарының өзекті мәселесі. Педагогикалық сараман болашақ маманның теориялық және практикалық білімін байланыстыра отырып оқыту сапасы мен алғашқы кәсіби дағдылардың, шеберліктің қалыптасуына негіз болады.

Жалпы педагогикалық сараман барысында студенттердің кәсіби белсенділігі интерактивті сипатта қалыптасады, себебі педагогикалық дағдыны бір сабақта қалыптастыру мүмкін емес, керісінше, қарапайым әдіс–тәсілді меңгерудің өзі біршама уақыт аралығында жүзеге асады да, күрделі де маңызды кәсіби шеберлікті қалыптастырады. Болашақ физика мамандығының иесі мектепте өтетін сараманға қажет практикалық білім, білік, іскерліктерімен дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға көңіл аудару керек, сынып жетекшінің және физиканы оқытатын мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысын жоспарлай білу, оқушылар ұжымымен жеке оқушының жас және дербес ерекшеліктерін психо-педагогикалық тұрғыдан зерттей білуі, саяси-идеялық тәрбиеге басым көңіл аудару қажет.

Оқытудың тәрбиемен тығыз байланысын, оның құрал ретінде оқушыларға тек ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруда білім беріп қана қоймай, олардың танымдылық, байқағыштық, зейінділік, зеректік, есте сақтау, сөйлеу, ойлау сияқты қабілеттерін қалыптастыруға көмектесуі тиіс. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда кәсіби дайындық дегеніміз ұстаздың теориялық білімдері мен іс-тәжірибелік әрекеттерінің бірлігі, оның тікелей нәтижесі, дамыған педагогикалық ой-санасы өзіне тән шығармашылық ерекшелігі және жеткілікті деңгейде беретін пәннің материалын меңгеруі. Бұлар оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, олардың тұлғасының дамуына және тұлға ретінде өз орнын табуға алып келеді. Сондықтан біздің физика кафедрасы бойынша да әр мамандықтардағы түрлі сарамандарды оқу жоспары мен оқу кестесіне сәйкес өткізу дұрыс жолға қойылған. Әр жыл сайын кафедрада 3-4 курстарға педагогикалық сараманға шығар алдында жоспар бойынша тусіндіру жұмыстары яғни, сараманға дайындық конференциясы оздырылып отырады. Оқу жылы бойына университеттің мансап бөлімімен етене байланыста болады.

Оқу жоспары және оқу кестесіне сәйкес, күндізгі оқу бөлімінің студенттері төмендегі мекемелерден мемлекеттік педагогикалық сараманнан өтеді. Олар: Назарбаев Зияткерлік мектебі, №34 мектеп гимназиясы, №27 физика-математика гимназиясы, №42 мектеп гимназиясының базасы жақсы жинақтаған мектептерден студенттеріміз машықтанып, білімдерін шыңдап өте жоғары дәрежеде сараманнан өтіп келеді. Биылғы оқу жылында физ/англ-3 курстарымыз алғаш рет 4 апталық педагогикалық сараманнан өтті. Болашақ педагог ретінде мектептің материалдық техникалық базасымен , педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері мен құқықтарымен танысты. Жаңартылған білім беру жүйесі бойынша сабақты белсенді түрде және үш тілділікті басшылыққа алып физика пәндерін ағылшын тілінде өткізіп машықтанды.

Практика бойында студенттеріміз мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыс жоспары бойынша көпшілік жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге белсене араласады. Педагогикалық сараман барысында өздерінің теориялық білімдерімен қатар, ұйымдастырушылық қабілеттерін де жоғары дәрежеде көрсетеді.

Педагогикалық сараманның қорытындысы бойынша машықкерлер кафедраға есептерін тапсырып, оны әдіскерлері тексеріп, қорытынды конференцияда жұмыстарын қорғайды.

Педагогикалық сраманнан өткен мектептеріміз біздің машықкер студенттерімізге оң баға беріп, болашақтағы педагогикалық қызметтеріне дайын екедігі туралы ризашылықтарын білдіреді. Біз де студенттерімізге сәттіліктер тілеп, болашықтарына мол сеніммен қараймыз.


Печать