2019-2020 оқу жылы бойынша математика кафедрасының филиал жұмысы бойынша 01.09.19-24.12.19 аралығындағы
ЕСЕБІ
Оқу жылының басында кафедраның 2019-2020 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы және кафедра филиалы жұмысы бойынша жылдық жоспары жасалды. Қала мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу үшін оқытушылар тағайындалды. ҰБТ-ға дайындау мақсатында талапкерге арналған тегін «Жексенбілік мектеп» сабақтарын жүргізу кестесі жасалды. Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша және кафедра филиалы жұмысы бойынша жылдық жоспары, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізетін оқытушылар тізімі, «Жексенбілік мектеп» сабақтарын жүргізу кестесі ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығына тапсырылды.
Қазан айында №1 ЖОББМ-не, №28 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейі мен №40 ЖОББМ-не кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша және кафедра филиалы жұмысы бойынша келісімшарттары апарылды.
11.12.19ж – математика кафедрасында мектепаралық математикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға қалалық М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейі, А.Молдагулова атындағы №38 мектеп-лицейі, №40 ЖОББМ, №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейі, №42 «Ақ Ниет» гимназиясы оқушылары қатысты. Жалпы 17 оқушы қатысты. Олимпиадада ф.-м.ғ.к, доцент Жумагалиева А.Е., 1-курс магистранты Кулбараков А.С., 4-курс студенттері Күбенқұлова Г. және Тәжібай Е. төрелік етті.
Оқушылар шара соңында «Махамбет» мұражайына саяхат жасады.
Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушылар алғыс хаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі 1-орынды №42 «Ақ Ниет» гимназиясының оқушысы Жардемов Айбат, 2-орынды №42 «Ақ Ниет» гимназиясының оқушысы Жақсылықов Жарқын және 3-орынды М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушысы Габдуллина Зарина иеленді. Математика кафедрасы меңгерушісінің м.а. Маутеева С.М. жеңімпаздарды құттықтап, алғыс білдірді.
Кәсіби бағдар беру мақсатында әлеуметтік желіде парақша ашылып, өткізілген шаралар туралы ақпарат берілді (fizmat_wksu.prof).
Қорытындылай келе, 2019-2020 оқу жылында математика кафедрасының оқытушылар құрамы мектептермен уақытылы жұмыстар (мектептермен келісімшартқа отыру, түлектермен кездесу, кәсіби бағдар беру) жүргізді.