2019-2020 оқу жылы бойынша математика кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 01.09.19-24.12.19 аралығындағы
ЕСЕБІ
Оқу жылының басында кафедраның 2019-2020 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы және кафедра филиалы жұмысы бойынша жылдық жоспары жасалды. Қала мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу үшін оқытушылар тағайындалды. ҰБТ-ға дайындау мақсатында талапкерге арналған тегін «Жексенбілік мектеп» сабақтарын жүргізу кестесі жасалды. Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша және кафедра филиалы жұмысы бойынша жылдық жоспары, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізетін оқытушылар тізімі, «Жексенбілік мектеп» сабақтарын жүргізу кестесі ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығына тапсырылды.
Қазан айында №1 ЖОББМ-не, №28 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейі мен №40 ЖОББМ-не кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша және кафедра филиалы жұмысы бойынша келісімшарттары апарылды.
12.11.19ж – №1 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушыларымен кездесу болды. Мектеп түлектеріне физика-математика факультеті туралы ақпарат беріліп, мамандықтар туралы буклеттер үлестірілді. Әзірге біздің университетімізді таңдайтын оқушылар болмады.
13.11.19ж – №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейіне Маутеева С.М. барып, 11-сынып оқушыларына сауалнама жүргізді. Мектеп түлектеріне физика-математика факультеті туралы ақпарат беріліп, мамандықтар туралы буклеттер үлестірілді.
18.11.19ж – №42 «Ақ Ниет» гимназиясына және М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейіне Есетов Е.Н. барып, 11-сынып оқушыларына физика-математика факультеті туралы ақпарат беріп, біздің білім ошағын таңдауға кәсіби бағдар жүргізіп келді.
Кәсіби бағдар беру мақсатында әлеуметтік желіде парақша ашылып, өткізілген шаралар туралы ақпарат берілді (fizmat_wksu.prof).
Қорытындылай келе, 2019-2020 оқу жылында математика кафедрасының оқытушылар құрамы мектептермен уақытылы жұмыстар (мектептермен келісімшартқа отыру, түлектермен кездесу, кәсіби бағдар беру) жүргізді.