15.11.2024 ж күні «Оқытудағы теория мен практиканың интеграциясы: информатика, физика және математика саласындағы мамандарды даярлаудағы замануи тәсілдер» атты физика-математика факультетінің әдістемелік айлығы аясында математика мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасының аға оқытушысы А.С. Алпысова «Функцияны туындылары бойынша зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы ең алдымен топ студенттерге өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алып тақырыпты бір саралап алды. Содан кейін оқытушы тапсырманың орындалу барысын түсіндіріп, студенттер есептерді тақтаға шығарды. Практикалық жұмысты орындауда студенттер жеке тапсырмалар алып, функцияларын зерттеп, нәтижесі ретінде графиктерін құрды, сәйкес бағалары қойылды. Ашық сабаққа қатысқан: аға оқытушы Есенгалиева А.Н.