12.11.2024ж күні «Оқытудағы теория мен практиканың интеграциясы: информатика, физика және математика саласындағы мамандарды даярлаудағы заманауи тәсілдер» атты әдістемелік айлыққа орай ұйымдастырылған «Математикалық регата» өтті. Регата математика мен физика мұғалімдерін дайындау БББ доценті А.Е. Жумагалиева мен ММ-21 топ магистранттарының жетекшілігімен оздырылды. Жарыс 1-2 курс «Математика IP», «Математика-Физика», «Математика - Информатика» БББ студенттері арасында өтті.
Мф-11 тобы.
- Махсот Жанару
- Насипкалиева Дильнара
- Болат Ерасыл
- Мусиев Сырым
М ір-11, М ір-12 тобы.
- Сарсенов Саядат
- Головченоко Александр
- 3.Султанов Рустам
- 4.Абилова Камилла
М-21 тобы.
- Махсотов Мұрагер
- Хайбулла Нұрхан
- Біләл Қымбат
- Майданова Мадина
МИ-21 тобы.
- Бауыржанова Айзере
- Байширякова Аружан
- Исет Әдемі
- Жұмагерей Дильназ.
«Математикалық регата» үш турдан тұрды «І тур » 6 балл, «ІІ тур » 7 балл, « ІІІ тур » 8 баллдық есептер берілді. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Шара барасында сергіту сәті де ұйымдастырылып көрермендергеде көңіл бөлінді. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Мф-11 тобы, екінші орынды. М ір-11, М ір-12, үшінші орынды М-21 тобы, төртінші орынды МИ-21 тобы иемденді. Қатысушыларға диплом табысталды.