Көптен күткен қызықты жоба! М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне 90 жыл толу орайына 18-ші ақпан күні БҚУ АКТ залында Физика-математика және Педагогика факультеттерінің ұйымдастыруымен «Маска шоуы» өткізілді. Шараға қатысқан кешіміздің кейіпкерлер «Жылқы», «Мики Маус», «Единорог», «Спанч Боб», «Әтеш», «Миньон».
Университетіміздің әр факультетінен өнерлерін көрсетуге бір студенттен келіп қатысты. Кештің құпия әділқазы исі алдымен сахнада маскамен ән шырқап, сұрақтарға жауап беру арқылы өзің жария етті. Кейін мәдениет және өнер факультеті студенттері би билеп, кешті бастады. Шара үш кезеңнен тұрды- бірінші кезеңде патриоттық әндер шырқалды, екінші кезеңде кино үзіндісіне ән шырқап,саундтрек орындалды. Соңғы кезеңде Қазақстандық заманауи әндер айтылды. Бірінші кезеңде «Спанч Бобтың» маскасы шешілді. Екінші кезеңде «Мики Маустың» маскасы шешіліп, оларға алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар берілді. Соңғы кезең шешуші кезеңде маска кейіпкерлері ән айтып, оларға әділқазы иелері көрермермендермен ақылдасып I, II, III-ші және бас жүлде иегерлерін анықтап, дипломдарын табыстап, сыйлықтар берілді. III-ші орынды иемденген кейіпкер «Әтеш» мырза, ІІ-ші орынды «Единорог» ханым иеленді, І-ші орынды «Жылқы» және бас жүлдені «Миньон» иеленді. Маска кейіпкерлерінің әншілік қабілеттерімен қатар, олардың актерлік қабілеттерінде байқадық. Жоба жоғары деңгейде өтті.