Х.Есенжанов атындағы кітапханада

Осыдан 30 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткізілді.Осы орайда желтоқсан айының 8-і күні  Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасына М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінен Физика-математика факультетінің 2 курс студенттері шақырту алды. Кітапхана тарихымен, соңғы кезде көп оқылатын қызықты кітаптармен, бай кітап қорын қолдану шарттарымен, негізгі залдарымен танысудан бастау алған кездесуде бұл мекеме оқырмандарды түрлі бағытта  білімнің қайнар көзімен қамтамасыз етумен ғана шектелмейтінін, сонымен қатар түрлі танымдық кездесулер мен бисер тоқу, киіз басу, ши тоқу сияқты қызықты үйірмелердің жүргізілетіні белгілі болды. Студенттердің аса қызығушылығын туғызған АҚШ елшілігінің қолдауымен он бес жылдан Екі бөлімнен тұратын шарада алдымен халқымыздың тарихы мен талай тар жол тайғақ кешуден өткенін, желтоқсан көтерілісі туралы естеліктерін бейнебаяндармен өрнектеп  жаңғыртты. Кейін егемендігіміздің отыз жыл ішіндегі жеткен жетістігі мен даму жолына көз жүгіртіп, кеудені мақтаныш сезімі кернеді. Құрманғазы саз колледжінің  студенттері құлақ құрышын қандырып домбырамен керемет күй орындады. Университет студенттері “Мен қазақпын” патриоттық әнімен  шараның нүктесін қойды.

Кітапхана қабырғасында əлемдік қатынас құралына айналған ағылшын тілін дамыту мақсатында ынталы жастарға тегін қолдау көрсетіп, əдістемелік құралдарды оқырманға ұсынып келе жатқан Америка бұрышы болды. Экскурсия кітапхана ұжымы мен Құрманғазы атындағы саз колледжі студенттері бірігіп ұйымдастарған Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шараға ұласты.