«Тәуелсіздік – тірегім»

3 желтоқсанда факультет студенттеріне ФИ-31 тобына топ кураторы М.Н.Жұбанышеваның ұйымдастыруымен Тәуілсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты кураторлық сағат өткізілді. Ол кешке факультетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы да шақырту алды. Студенттер еліміздің кешегі ел тарихын көз алдымыздан тізбектеп өткізіетін қойылымдар қойып, бүгінгі жетістіктерін атап өтті, патриоттық әндер шырқады. Шара соңында факультет деканы Д.Б.Абулкасова мен 1986 жылғы көтерілістің куәсі Физика кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Кадыроваға сөз беріліп, жастар ол кісінің әңгімесін толқи ұйып тыңдады.