«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

Егемендігіміздің отыз жылдық мерекесіне орай Физика-математика факультетінде 1-2 курс студенттері арасында «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбында эссе сайысы оздырылған болатын. Сайыс қортындысы бойынша әділғазы мүшелерінің шешімімен бірінші орынды Физика-Информатика мамандығының 2 курс студенті Бисенғали Саябек, екінші орынды Математика-физика мамандығының 1 курс студенті Сәменов Берқайыр, үшінші орынды Математика – физика мамандығының 2 курс студенті Сағынтаева Назерке иеленді. Аталған студенттер дипломдармен марапатталып, жұмыстары Өркен газетіне жарияланды.