Махамбет үздіктері

2021 жылдың 9 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында М.Өтемісов атындағы БҚУ ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұрпақтары!» атты облыстық жастар форумы өткен болатын.

Форумға қаламыздағы БҚАТУ, БҚИТУ оқу орындарының белсенді студенттері келген болатын. Осындай атаулы күнде университетіміздің белсенді студенттері ректордың атынан алғыс хатпен марапатталған болатын. Физика –математика факультетінен ФИ-31 топ студенті Елтаев Арынғазы, И-31 топ студенті Орынғали Аружан, МИ-21 топ студенті Тойлыбаев Сакен марапатталды.