2021 жылдың 16-19 қараша аралығында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған 1 курс студенттері арасында спартакиада өткізілді. Спартакиадаға университетіміздің барлық факультет студенттері жұмыла, белсене қатысты . Спартакиада спорттың бірнеше түрлері қамтылды.Ондағы спорт түрлері: шағын футбол, волейбол, теннис, баскетбол, эстафета, шахмат, дойбы және тағы басқалары. Жарыс ережесіне сәйкес әр спорт түріне әртүрлі орындар берілген еді. Факультетіміздің студенттері шахмат ойынынан 1-орын, эстафетадан 1-орын, футболдан 2-орын, теннистен 3-орын, дойбыдан 1-орын, баскетболдан 3-орын, аркан тартыстан 3-орын орындарды иеленді. Физика-математика факультетінің намысын қорғап шыққан студенттер соңғы жалпы командалық қорытынды бойынша жүлделі 1 орынға ие болып, жылжымалы кубокты қанжығаларына байлады.