ЖИТС- ғасыр дерті

Денсаулық мәселесінде халықаралық ең маңызды күндердің бірі - 1 желтоқсан аталып өтетін дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осыған орай, 24 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің физика-математика факультетінде 2-3 курстар арасында «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың» мамандарының қатысуымен семинар өткізілді. Мақсат - түсіндірме шарасы арқылы, студенттерге вирустан сақтану жолдары туралы ақпараттар беру болатын.

Семинарда вирусты жұқтыру, алғашқы белгілері, алдын алу, ауруды емдеу жолдары толық түсіндірілді. Көкейтесті сұрақтарын  қойып, тақырыпты қызу талқылады. Сонымен қатар, бұл шара студенттерді тазалыққа, денсаулыққа салғырт қарамауға, аурудың алдын алуға үндеді.