Жайдарман жалғасын тапты

8.11.2021 күні М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттері арасында карантин кезінде үзіліп қалған Жайдарман ойыны жанданып, жалғасын тапты. Іріктеу турында әр факультеттен бірнеше команда болып өнер көрсетті. Физика-математика факультетінен Аманғалиев Жанкелді ИС-11, Сидағалиев Нұртілеу МИ-21, Ерболатов Диас ФИ-21, Өмірзақ Ерсін МИ-21, Тылекешов Ербатыр МФ-31 тобының студенттерінен құралған «Эврика» командасы ¼ финалға жолдама алды.