Ұлтты ұлықтаған ұлы тұлға

Осы оқу жылының 2 желтоқсанында 1 курс кураторы Шуйншкалиева Гүлжанар Сансызбайқызы мен Педагогика факультетінің оқытушысы Маденова Ләззат Мұтиғоллақызының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың – 150 жылдығына арналған «Ұлтты ұлықтаған ұлы тұлға» атты рухани-тәрбиелік шарасы оздырылды. Бұл шараға университеттің кітапхана ұжымы атсалысып, студенттердің назарына Ахмет Байтұрсыновтың өзінің және ол кісі туралы жазылған басқа да әдебиет майталмандарының туындыларынан керемет көрме жинақтап берді және шараға қатысты. Алдымен Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, баяндама оқыған студенттер ұлы тұлғаның аз өмірін халқына қызмет етуге арнағанын, жалғыз өзі бір институттың жұмысын атқарғанын біліп, сүйсініп отырды. Кеш қонағы журналист, ақын Қабжанов Қазбек Құттымұратұлы сөз алғанда жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының шығармашылығы туралы тың ақпараттармен бөлісті. Студенттер тарапынан журналистке көптеген сұрақтар қойылып, жақсы пікір алмасты. Соңында қазақтың қара домбырасымен ән шырқалып, кеш мәресіне жетті.