2021 жылдың 10 желтоқсанында физика-математика факультетінде «Асан Дабысұлы Тайманов» атындығы атаулы шәкіртақы иегері А.Ж.Орынғали Асан Таймановтың өмір жолына арналған танымдық кеш өткізді. Кешімізге математика кафедрасынан оқытушы, магистр Ұзақбаева Гульнур Акбергеновна мен Физика-математика факультетінің декан орынбасары Тажғалиева Арайгүл Серікқызы қатысты. Сонымен қатар шараға факультеттің 1, 2 курс студенттері де қатысқан болатын. Танымдық кештің басты мақсаты: жастардың бойында өз еліне, ұлтына деген патриоттық сезімді және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында А.Д.Тайманов жайлы ақпарат беріп, өмірі мен еңбек жолын таныстыру. Шара барысында А.Д.Таймановқа құрметпен бас ие отырып, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Ары қарай баяндама оқылып, видеороликтер көрсетілді. Одан әрі кеш қонақтары мен студенттер өзара пікір алмасты. Шара соңында кеш қонақтары қатысушы студенттерге алғысын білдірді.