Алғыс алу бір мәртебе...
Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбірсегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда.
Мамыр айында Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей жастарының форумында «Ұлттықеріктілержелісі» ұйымыныңтөрайымы Вера Ким 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауды ұсынды. Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсыныст ықолдайтынын атап өткен. «ҚР Президенті ретінде мен әрқашан волонтерлардың қозғалысын қолдайтынымды жеткіземін. Сондықтан Сіздердің келесі жылды Волонтерлар қозғалысының жылы деп жариялау туралы ұсыныстарыңызды толығымен қолдаймын. Еріктілер - жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз», - деді Президент. Көп ұзамай, 2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы деп жарияланды.
26 тамызда Мемлекет басшысы қаулыға қол қойды. Ол бойыншаҮкіметке Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Еріктілер жылы болған соң әр аймақта штаб құрылды. Біздің Орал қаласында және аудан-ауыл округтеріндеде ұйымдар ашылды. Мен өзім Тасқала ауданының, Амангелді округінің «Амангелді жастары» ұйымында еріктілік қызмет атқардым. Жетекшім Байғали Аманғали ағам болатын, мен ол кісінің орынбасары болып, жасы 13тен жоғары ауыл жастарын қатарымызға қостық. Шағын болсақ та, қиын кезде тұрғындарға пайдамызды тигізіп, ақ батасын алдық.Бізде шілде тамыз айларында көптеген шаралар мен акциялар болды. Айта кетсем, жастар күніне орай «Тегін такси» қайырымдылық акциясы өткізілді. Ол кезде біз жастар боп жетекшім екеуміз ауыл тұрғындарын Амангелді ауылы ішінде тасымалдадық (дүкеннен үйіне, немесе тығыз шаруасы болған жеріне апарып тастадық). Сонымен қатар жетекшім, әр жұма күні «Жұмадағы жақсылық» акциясы бойынша, Амангелді-Тасқала және Тасқала-Амангелді арасында жолаушыларды тегін тасымалдады. Ерікті жастарымыз карантин кезінде ауыл тұрғындарына маска мен қорғану шаралары жазылған беттер таратты. Жаз бойы тыңбай еттім, соның арқасында Орал қаласының Басқарма басшының міндетін атқарушысы Н.Ораштың алғыс хатымен табысталдым.
Қазіргі кезде мен Университетіміздің белсенділер қатарына қосылдым, онлайн оқысақта физика-математика факультетінің 1 курс студенттері боп, 3 курс студенті Хадеш Ажар Мендіғалиқызының бастауымен «БҚУ-Қайырымды жастар» атты шағын топ аштық. Біздің мақсатымыз, қиын отбасылар мен жағдайы ауыр сәбилердің еміне қаражат жинау. Ерікті болу ол ерлік. Алдағы уақытта тағыда жоспарларымыз бар. Қиын кезде адамдарға көмектесіп, рақметін алған қандай керемет десеңші.
М.Өтемісов атындағы БҚУ
1-курс ИС-11 топ студенті Укасов Ахат
Топ кураторы: оқытушы, магистр Насырова Булбул Сагингалиевна