«Ақынның мәңгілік мұрасы» атты Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған онлайн конференция

«Ақынның мәңгілік мұрасы» атты Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығына арналған онлайн конференция

Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, 1979-1984 жылдары ҚазақстанЖазушылар одағының бірінші хатшысы болған Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толады.

Табиғатынан талант тұғырында тұрғандай осы бір асыл адамның бейнесі жыл өткен сайын биіктей береді. Қазақ әдебиетінде поэма шеруінде дәл бүгінгі күннің өлшемі мен сөз айтар болсақ, кесімді сөзді жазушы, драматург, аудармашы «Абай және ХХІ ғасыр» халықаралық клубының президенті, КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы сарқылмайтын өмір шең туынды, Жұбан Молдағалиевтің сөзіне және Ілия Жақановтың әніне жазылған, бүгінде дарынды дәстүрлі әнші Айгүл Қосанованың орындауындағы "Еділ мен Жайық" әні халықтың сүйікті әніне айналды, әсем ән сазының астарында ақынның туған еліне, жеріне шексіз махаббаты сезіледі. Ақынның азаматтық ұстанымдары публицистикалық сипатта келіп, адамға қажет ой толғаныстарға, қасиет құндылықтарға толы.
Ақын өмірі мен шығармашылығы лайықты тарихи бағасыналды, Орал қаласында ақын ескерткіші тұр, жерлестерінің, халықтың ақынға деген махаббаты мен сүйіспеншілігінің белгісі.

Біздің Университетімізде Жұбан ақынның 100 жылдығына арналған «Мен қазақпын», «Ақынның мәңгілік мұрасы», «Ұмытар ма өз елім» атты конференциялар өтті. Конференцияның басты мақсаты Жұбан ақынның өмірімен және шығармашылығымен танысу болды. Сонымен қатар тобымыздың кураторы Бұлбұл Сағынғалиевна,  Информатика кафедрасының 1 курс студенттеріне (И-11, ВТиПО-11, ВТиПО-11-1, ИС-11, ИС-12, ИС/у-13), Зуум бағдарламасы арқылы Жұбан ақынның 100 жылдығына орай  тәрбие-сағатын өткізді. Қатысушы студенттер белсенді болды, ВТиПО-11 тобының студенттері өмір жолын айтса, ИС-11 мен И-11 тобы шығармаларын айтты.Тәрбие-сағатына Меруерт Нұрғалиқызы қатысып, шара соныңда өз ойын айтып қорытындылады.

Жұбан ақын туралы жақсы сөздер көп айтылды, әлі де айтылады, оның нар тұлғасы, қазақы кеңдігі, адамшылығы мен кісілік келбеті және адал, асыл қасиеттері туралы ғылыми зерттеулерде, оның өмірі мен өлеңдері туралы еңбектерде талай әлі жазылады, біреулер күйе жағам десе де адалға қара жұқпайды, ол маңызды да емес. Маңыздысы Жұбан ақын қазір биіктен ескертіп, қуатты жалын шашып:

Мен — казақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –

Айта бергім келеді, айта бергім..... деп шыңда тұрғандай көрінеді.

inf.jpg - 109.90 kB

Физика-математика факультетінің студенттері (И-11, ИС-11 студенттері бар)

info_2.jpg - 68.54 kB