«Математика, физика және информатиканы оқытудағы ЖОО мен мектептердің өзара әрекеттестігі» атты әдістемелік айлығында 15.02.2024ж. күні «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен «Адам-компьютер өзара әрекеттестігі» атты ашық практикалық сабақ өтті. Ашық практикалық сабаққа жаратылыстану-география факультетінің 6В01508 Химия-биология БББ мамандығының ХБ-21 топ студенттері қамтамасыз етілді. Әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің маманы Ермекбаева Лаура Жасузаковна және БББ оқытушылары қатысты.
Студенттерге тақырып бойынша презентация көрсетіліп тапсырмалар берілді. Алдымен Quiver vision қосымшасы компьютерге немесе ұялы телефондарына жүктеп суретті көшіріп пдф форматта шығарып алып бояп, Quiver vision қосымшасының камерасымен QR-code салып 3D coloring app тірілтті, қозғалып неше түрлі түске де бояп студенттерге өте қызық интерфестермен жұмыс болды.
Кейін proto.io сайтымен әр студент өз аккаунттарымен регистрация жасап протиптермен жұмыстану тапсырмалары берілді. Мобильді қосымшаларды қызушылықпен жасап сабаққа белсене қатынасты. Тапсырма бірдей берілгенімен тапсырманы жасау өз еркілеріне берілді, соны пайдаланып студенттер әртүрлі салада (мобильді қосымшалар, instagram, кітаптар галериясы, саяхаттау, сән үйі, футбол т.б.) интерфейстермен практикалық тапсырмалар орындады. Ашық практикалық сабаққа информатика мұғалімдері мен ІТ-мамандарын дайындау БББ оқытушылар да қатысты, студент түгелі оқытушыларды өзі қызығушылықпен ат салысты, сайттармен жұмыс жасап көрді, нәтижесі жаман болмады.
Одан кейін сұхбаттасу әдісі бойынша екі студент шығарылып 4-бөлімнен тұратын кестеде берілген сұрақтарға жауап жазу арқылы ақпарат алысты, қарым-қатынас орын алды. Сабақ соңында студенттердің тапсырмалары тексерілді, қосымша сұрақтар қойылды, бағалау төлқұжаттары үлестірілді, тапсырмалар бойынша қателіктер орын алса қалай түзету жолдары көрсетілді.
Сонымен қатар, жоғарыда келген БББ оқытушыларына ашық сабағыма қатысып, қолдау көрсеткені үшін мың алғыс. Ақпараттың үздіксіз дамуы кезеңінде білгенімізбен бөлісіп, болашақ педагогтың заман талабына сай білім алуына ат салысуға кішкене болса да үлес қосқаныма қуаныштымын. Ашық практикалық сабақ өз мәресіне жетті, сәтті аяқталды.
БББ оқытушысы оқытушы, магистр
Насырова Б.С.