«Жас оқытушы мектебінің» кезекті отырысы оздырылды

20.12.2023ж. күні  «Жоғары мектептің педагогикасы және психологиясы» тақырыбында «Жас оқытушы мектебінің» кезекті отырысында педагогикалық факультеттің деканы Ерғалиева Гульжан Алғазиевна сөз сөйлеп жоғары мектептің құрылу тарихына тоқталды, кейін мектепке дейінгі және бастауышта білім беру педагогикасы БББ аға оқытушысы, магистр Маденова  Ляззат Мутиголлиевна Блум таксономиясына жете тоқталды (білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез (жинақтау), бағалау). Блум таксономиясын терең түсіну мақсатында бірінші тәсіл экраннан жай адамнын бейнесін көрсетті, ақ қағазға адамның суретін салу керек болды, оның басы, екі қолы, екі аяғы, денесін 6 бөлшекке бөліп басына өзіміздің туған күндерімізбен жылымызды, қайда дүниеге келгенімізді жаздық, оң қолына білімізді, сол қолына қайда жұмыс жасағанымызды, денесінің жоғары жағына отбасымыз (ата-ана, неше бала) туралы, астына, яғни орта шамасына денесінің қандай түстердің ұнататымызды, хоббиімізді, астыңғы жағына ұнататын тамақтарымызды жаздық. Кейін сол суретті 6 бөлшекке турап қолмен жырттық, әр бөлшекке есімізді жаздық, қасымыздағы тұлғамен алмастырылдық, алмасуымыздың себебі бір-бірімізбен қарым-қатынас жасау болды. Екінші тәсіл экраннан түрлі-түсті бояулармен салынған картиналар көрсетілді, картинаға қарап екі сұрақ қойылу керек болды (қатысушыларға ақ парақ пен стикерлер таратылды), картиналар түрлі-түрлі мағынада болды, мысалы скамейкада отырған кемпір, айналасында мысықтар толып жүр, құстың аузында мысық бар, келесі суретте спектакль ойнап жатырған адамдар, қасында жарақат алған адам жатыр, қанға оранған, бірақ адамдар оған көмектеспей төгіліп қалған көк краскаға қарап жатыр, келесі сурет әскери адамдар жерді көтеріп тұр, үстінде жасыл желекке оранған ауыл маңында қыз бен жігіт серуендеп жүр т.б. картиналар көрсетілді. Курс соңында коммуникацияны дамыту мақсатында бір-бірімізбен тілек айтып байланыс жасадық. Курс жоғары деңгейде өтті.

Информатика мұғалімдері және ІТ-мамандарын дайындау БББ оқытушысы   

         Насырова Б.С.