«Дін–тәрбиенің рухани тірегі»

Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі.

14 ақпан күні Физика-математика факультеті, информатика кафедрасында ИР-11, И-11, ИС-11, ВТиПО-11 топтары мен топ жетекшісі Г.А.Дошеваның және ғылыми кітапхана ұжымының бірлесуімен ұйымдастырылған «Дін–тәрбиенің рухани тірегі» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Ислам діні туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, қоғамдағы ислам дінін жамылған және өзге діндердің ұстанымдарының бағытына түсіп кетуден сақтануға үйрету болатын. Шараның құрметті қонағы «Аманат - Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Қуан Армат Құлымбекұлы қатысты. Теологпен кездесу студенттерді рухани жағынан байытатын құнды мәліметтерге толы болды. Тәрбие сағаты барысында дінді тек міндеттілік тұрғысынан емес жалпы тұлғаны рухани дамытатын құндылық ретінде талданып,түсіндірілді. Армат мырзада студенттерге өз ақыл кеңестерін беріп, білімнің дін турасындағы маңызына тоқталып кетті.
Шара барысында студенттер теолог маманға өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып өз ойларымен бөлісті. Тәрбие сағаты соңында тәрбие бөлімінің аға консультанты Ж.Е.Ешимова тәрбие мен дін турасында өз пікірін білдірді. Шараны информатика кафедрасының аға кураторы Б.С.Насырова өз сөзімен қорытындылап, аяқтады.

Instagram: wku.gylymi_kitapkhana

Facebook: Ғылыми Кітапхана Махамбет Университеті