«Тәуелсіздік - тұғырым» атты тәрбие сағаты оздырылды

13.12.2022 ж. күні 311 мәжіліс залында 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты тәрбие сағаты оздырылды

Тәрбие сағаттың мақсаты еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Шәкірттердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Шара жүргізушілері И-41 топ студенттері Махамбетұлы Ералхан мен Орынғали Аружан

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің! атты өлең шумақтарымен кураторлық сағатты ашты. Келген қонағымыз да болды ҚР тарих кафедрасының оқытушы, магистрі Ихсанова Айнур Бекжанқызы. Өз баяндамасын студенттермен кері байланыс жасай отырып қазақ халқының қалай тәуелсіздікке қол жеткізген тарихын керемет түсіндірді.  

Тәуелсіздік – ол біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осы уақытқа дейін тәуелсіздігіміздің жетістіктері де аз болмады жетістіктері жөнінде И-21 топ студенті Г.Н. Беисова «Тәуелсіздік жетістіктері» атты презентациясында айтып өтті.

Шара ортасында сценария бойынша 2-курс студенттері дайындаған «Желтоқсан желі» атты көрініспен жалғасты. Көріністе «Колбин кетсін!!! Қазақты қазақ басқару керек!» деген батыр Қайратты бейнелен студенттеріміздің тамаша бір көрінісі сол уақыттың зардабын тартқан, халқы үшін күрескен тұлғалардың бейнесін салып, біраз жастардың ойына ой салды.

 Шараны қорытындылай келе аға куратор Булбул Сагингалиевнаға сөз беріледі. Өз сөзінде бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі, бүгінгі тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тәрбие сағатымыз  өз мәресіне жеткенін айтып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болуын тілеп, барша ат салысқан әріптестері, келген қонағымызға және студенттерімізге өз алғысын білдіріп шараны аяқтады.