«Адалдық сағаты» атты кураторлық сағат оздырылды

Информатика кафедрасы 09.12.2022 ж. күні сағат 15:00 8 корпус ғимаратында 311 мәжіліс залында «Адалдық сағаты» атты кураторлық сағат оздырылды. Кураторлық сағаттың мақсаты жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Аға куратор Булбул Сагингалиевна сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті, қоғамға зияны көп құбылыс. Қазақ қоғамы тарихы өмірінде мұндай іс-әрекетпен ежелден күрескенін. Ежелгі қазақ қоғамында мұндай іс-әрекетпен айналысқан тұлға елден аластатылған, қуып жібергенін. Мұндай ата-бабасының салтын, әділдігін бұзған қасқойлар деп атағанын. Қазақстан жеке тәуелсіздік мемлекет болып жарияланған кезден бастап, бұл іс-әрекетке қарсы заңдылық тәртіп пен күрес шаралары қолға алынғанын. Бүгінде еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жолында көптеген заңдар қабылданып, оны шын мәнінде іске асырып отырғанын өз баяндамасында жария етті.

Кураторлық сағатқа кафедрамыздың аға оқытушылары Иманғалиев Мирболат Мереевич, Акимова Сауле Муратовна, Курмашева Динара Наримановна қатысты. Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу жжәне жою факторлеріне жете тоқталды.

Шара соңында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының 367-бап. Пара беру, 366-бап. Пара алу, 368-бап. Парақорлыққа делдал болу баптарымен таныстырылып, студенттерге сессия алдында қосымша ақпараттар берілді. Еркін сұрақтар қойылып, студенттер өз ойларымен бөлісіп, фотоға түсіп шара өз мәресіне жетті.