Рәміздер күніне орай университетімізде факультеттер арасында квест өткізілді

    Ағымдағы айдың 3 жұлдызында рәміздер күніне орай университетімізде факультеттер арасында квест өткізілген болатын. Квест кезінде студенттерге мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтар қойылып, білімдері сынға түсті. Олар QR - кодты сканерлеп, көрсетілген жерге барып,сұрақтарға жауап берді. Бұл квест студенттерді шапшаңдыққа да тексерді. Нәтижесінде, жүлделі 1 орынды тарих, экономика және құқық факультеті иемденсе, 2 орын физика-математика факультетіне бұйырды, ал 3 орынды филология факультеті өз қанжығасына байлады. Шараның басты мақсаты студенттердің білімін толықтырып, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болатын. Студенттерімізге осындай білім додаларының биігінен  көрінуді тілейміз!

https://fim.wku.edu.kz/images/inf/news/1.jpeg