Ғылым – дамудың қозғаушы күші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты мақаласында еліміздің бірқатар өзекті мəселелерін көтеріп, оның ішінде əлеуметтік-экономикалық салада еңсерген белестеріміз бен қол жеткізген табыстарымызды айқындай келе: «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау жəне елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тəрбиелеу» деді. Осыған орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттерге білім нәрін дарытып қана қоймай, сонымен қатар ғылымды да дәріптеу мақсатында жыл сайын университет ішілік ғылыми апталығын өткізіп, білім алушыларға ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады.

Магистранттар мен студенттердің «Жастар және ғылым - 2022» атты 79-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясында информатика кафедрасының «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» секциясы бойынша кафедраның аға оқытушысы, магистр Д.Н. Курмашева  ғылыми апталық бойынша мәлімет берді. Сонан соң ә.ғ.к., доцент  Абулкасова Д.Б. конференцияны ашық деп жариялап, конференцияның оқу-үрдісіндегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар бүгінгі күнгі зерттеулердің бағыттарына тоқтала келе, университетіміздегі өткізгелі отырған конференцияның мақсаты мен  міндеттерін атап конференция жұмысына сәттілік тіледі. «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» секция бойынша ғылыми конференцияға барлығы 17 студент өз ғылыми жұмысын ұсынды.

Конференция қорытындыс бойынша келесі студенттердің ғылыми жұмыстары үздік деп танылды:

І орын - Тналиева А., Байжанов А., Хабиев Е., Есмагулов Д., 6В06102 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 1 курс студенті. Интерфейсы взаимодействия человаека и компьютера на примере мобильного приложения. Жетекшісі: оқытушы, магистр Рамазанова Л. Е.

ІІ орын-  Белихина  А.А., Құбайдулла Ш.Ж., Қалдыбеков Д.Н. 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының 4 курс студенті. Проектирование и разработка информационной системы  для  автоматизации продаж и услуг предприятия. Жетекшісі: ә.ғ.к., аға оқытушы Абулкасова Д.Б.

ІIІ орын - Сүйет М.М., Нұржанов Е.Р., Кәрім Қ.Б., 5В070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының 4 курс студенті. «Гульнар» жеке кәсіпкерлігіне автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуден  артықшылықтары. Жетекшісі: аға оқытушы, магистр Иксебаева Ж.С.

Келесі студенттер алғыс хаттармен марапатталды:

  1. Сағидолла Т., 6В01506 – Информатика білім беру бағдарламасының 2 курс студенті. Қашықтан оқытудың нысандары: асинхронды және синхронды оқыту орталары. Жетекшісі: оқытушы, магистр Насырова Б.С.
  2. Орынғали А.Ж. 6В01506 – Информатика білім беру бағдарламасының 3 курс студенті. Big Data технологиясын мектеп бағдарламасында оқыту ерекшеліктері. Жетекшісі: оқытушы, магистр Дошева Г.А. 

Конференцияның «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» секциясы бойынша қорытындылаған кезде баяндамашылардың дайындық деңгейі жоғары екені, барлық ұсынылған жұмыстар өзекті болғаны байқалды. Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындылары таңдаған мамандықтарға қызығушылықтың өсуін және ғылыми-зерттеу мен инновациялық қызметке назардың артуын, сондай-ақ студенттік конференцияларды одан әрі дамытуға ықпалын тигізгенін байқатты.