«ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ!»

02.12.2021ж күні информатика кафедрасының оқытушысы Зухра Максимқызы ИС-11, ИС/у-13, ВТиПО-11 топтарында «Елі сүйген, елін сүйген елбасы!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, студенттердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру мақсатын көздеді.

Кураторлық сағаттың шымылдығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын шырқаумен ашылды. Топ студенттеріне «Миға шабуыл» әдісі арқылы  сұрақтар қойылды. Елбасының өмірі мен қызметі жайында презентацияны Рахым Рысгүл демонстрациялады. Сонымен қатар кураторлық сағатта Молдағұлов Нұрдәулет Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін, Сағат Фатима, Рахым Рысгүл және Рахметуллина Жанэлла «Қазақ елі осындай» әнін  орындады. Кураторлық сағат соңында Елбасы туралы бейнебаян көрсетіліп, студенттер Елбасы туралы ойларын ортаға салды. Студенттер тобы Елбасыға арналған өлең жолдарын оқыды.

Кураторлық сағат соңында аға куратор  Бұлбұл Сағынғалиқызы сөз алып өзінің алған әсерімен бөлісті. Топ кураторы Зухра Максимқызы студенттерге ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта осындай тәрбиелік мәні бар кураторлық сағаттардың әлі де болатынын айтып,  студенттердің алғашқы сессиядан сүрінбей өтулеріне сәттілік тіледі.

 

Қайырболат Асыл-Ай, «Ақпараттық жүйелер»

мамандығының 1-курс студенті