2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмысының бекітілген жоспары бойынша қараша айына 2 курс И-21 топ студенттерімен ағартушы педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбрай Алтынсариннің 180 жылдығына орай кураторлық сағат өткізілді.
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған.
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.
Ыбырай Алтынсарин – реалист жазушы, ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғышкемеңгер. Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің «ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор»- деп баға береді. Оның еңбектері жан-жақты зерттеліп, ондаған ғылыми – зерттеу еңбектер жазылған, докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны орасан зор.
Жоғарыдағы ақпаратты баяндай отырып студенттерге алдағы уақытта білім саласында өздерін шыңдауын талмауын, күш-жігерлері артуы мақсатында өткізіліп отырғанын шара екенін айтылды. Кураторлық сағат сәтті өтті. Өз мәресіне жетті.
Топ кураторы оқытушы, магистр Б.С. Насырова