«Мен және менің құқығым» атты кураторлық сағат өткізілді

2021-2022 оқу жылының тәрбие жұмысының бекітілген жоспар бойынша қазақ-қараша айларына тақырыптар бекітілген болатын. Соның негізінде 2 курс ИС-21, ИС/уск-23 топ студенттерімен «Мен және менің құқығым» атты кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағатқа барлық студенттер ат салысты. Соның ішінде Аранбасаров Нұржан, Утепбегенова Гулжауар, Ғабдолова Бақтылы ерекше айтып өткенім жөн. Бұл тақырыпта қазіргі заман талабына сай әрбір Қазақстан азаматы, еңбектеген сәби мен еңкейген қартқа дейін өз құқығын жете біліп, оны қажетіне сай өмір сүру дағдысында қолдана білуі керек. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам – басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

Кураторлық сағат өз мәресі жетті. Қосымша сұрақтар қойылып сәтті аяқталды.

 

Топ кураторы

Оқытушы, магистр Б.С. Насырова