Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің жетістіктері» тақырыбында кураторлық сағат оздырылды

Қыркүйек айының алғашқы күні білім күніне ұйымдастырылған информатика кафедрасының 2 курс студенттері кураторы Насырова Бұлбұл Сағынғалиевнамен бірге кураторлық тәрбие сағатын өткізген болатын. Бұл тәрбие сағатына ИС-21, ИС/у-23, ВтиПо-21, И-21 тобының студенттері қатысты.

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Тәуелсіз елдің жетістіктері». Тақырыпқа байланысты студенттер слайд жасап,  тәуелсізлік жетістіктері туралы өз ойларымен бөлісті. Осы орайда кішкене тәуелсіздік жетістіктерің айта кетсек- Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз

1991 жылы бастап Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті. Бұл тәуелсізлікті енді алған жылдарымыз болатын. Десе де біздің жетістіктеріміз бұнымен тоқтап қалмады. Жылдан жылға дами берді.  Осыған орай еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев : «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.

Ұлтымыздың ұлы ұстыны – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтай берсін! »- деген болатын.

 

                   ИС-21 тобының студенті –

Утепбергенова Гүлжауар Манарбекқызы.