«Алаш идеясы: жастардың зияткерлік, рухани-адамгершілік, ғылыми дамуын қамтамасыз етудегі тағылымдылық, танымдық маңыздылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

2021 жылдың 12 мамырында ҚР білім және ғылым министрлігі М.Өтемісов атындағы Батыс қазақстан университеті «Рухани жаңғыру» институты «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастырумен «Алаш идеясы: жастардың зияткерлік, рухани-адамгершілік, ғылыми дамуын қамтамасыз етудегі тағылымдылық, танымдық маңыздылығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн форматта өткізілді.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда алғы сөз профессор, М.Өтемісов атындағы БҚУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ахмеденов Қажымұрат Мақсотұлы бастады.

Конференциямыздың модераторы М.Өтемісов атындағы БҚУ «ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Шайхиев Тұрар Төлегенұлы болды.

Конференцияда Алматы қаласынан а/ш.ғ.к., профессор, ҚазҰлтҚызПУ-нің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің басшысы Байташева Гауһар Өмірәліқызы өз баяндамасымен бөлісті.

Одан кейін педагогика ғылымдарының докторы, академик Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы мен профессор, техника ғылымдарының докторы Айталиев Ермек Саьбайұлы сөз алды.

Аталмыш концеренцияға тарих ғылымдарының кандидаттары Сүлейменова Дәметкен Досмұқанқызы, Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы, Байболсынова Әлфия Сабырғалиқызы өз баяндамаларымен бөлісіп ой тарасты.

Информатика кафедрасының

оқытушысы                                                                                                                                            Б.С. Насырова