2020 жылдың желтоқсан айының алғашқы 10 күндігінде жоспарланып отырған тағы бір өзекті тақырыптың бірі «Суицидтің алдын алу жолдары» кураторлық іс-шара ұйымдастырылды.
Суицид деген қиын термин. Ол қазіргі уақытқа дейін зерттеліп жатыр. Қазір дәрігерлер тіпті психологтар бұл проблеманы шешу жолын әлі де білмейді. Олар бұның жолдарын көп жылдан бері зерттеп келеді. Суицид жалпы адамның эмоцияға беріліп кетіп қабылдаған шешімі деуге болады. Өйткені ойлап шешілген іс бұндай болмайды. Ойланған адам ешқашан бұндай шешімге бармайды деп ойлаймыз.
Топ кураторымыз оқытушы, магистр Булбул Сагингалиевна кураторлық сағаттың мақсаты суицид ұғымы мен суицидальді синдромға түсінік беру, суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілерімен топ жетекшілерін ақпараттандыру және суицидтік мінез-құлықтың сыртқы белгілері, суицид себептері өзін өлтіру тәсілдері: суицидальді тенденцияларын, өзін өлтірудің жалпы сипаттарын , суицидтен кейін тірі қалғандармен жұмыс жасауда консультантқа не істеуге болмайт сол жөнінде мағлұмат беру деп бастап берді.
Жалпы суицид себептері: Жеке өмірдегі келеңсіздіктер: бақытсыз махаббат, қоршағандардың түсінбеушілігі, жалғыздық, жұмыстағы мәселелер, мақсатқа бағытталған қысым (өзін өлтіруге дейін жеткізетін), физикалық қорлаушылық, өмірдің мәнін жоғалту. Финанстық мәселелер, денсаулық мәселелері (эвтаназия да формальді түрде өзін өлтіру болып есептеледі, өйткені ауру өзіне препаратты өзі жіберуі керек)
Оған қоса ата-анасының баласына көңіл бөлмеуі, оқудағы проблемалары болуы мүмкін және т.б. Тіпті өзіндік бір ортада адамдар оны бөлектеуі де суицидке апарады. Статистика бойынша суицидке барған жастардың себептері осы. Ал ең көп себебі ол-алкоголь және есірткі. Ондай нәрселерден тек жастар ғана емес барлығы аулақ болуы керек. Суицидке тек жастар емес үлкендер де барады. Олар жұмыстағы проблемалар, тіпті жұмыс жетіспеушілігі немесе жұмысы ұнамау немесе жазықсыз жала. Негізі суицид осы замандағы ең басты мәселе. Егер сізді оған байланысты ой болса ішіңіздегінің бәрін достарыңызға немесе ең бастысы ата-анаңызға айтыңыз. Және де психологтарға баруыңызды өтінеміз. Егер де сізге біреу осындай мәселе бойынша келсе онда оның суицид туралы ойын өзгертіңіз. Оған қолдау көрсете біліңіз. Себебі адам өмірі ойыншық емес және ол тек қана бір рет беріледі.
Қорынтындылай келе, суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Сонымен қатар, қолдау көрсететін түрлі мекемелер де жеткілікті. Солардың көмегіне жүгініп, өмірімізге қажетті нәр ала білсек, бұл проблеманы еңсере алатынымыз күмәнсіз.
Мақала дайындаған: ИС-11 топ студенттері Қайырлы Нұржан Егеубаева Аяулым