ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ АТТЫ «ZOOM» ПЛАТФОРМАСЫНДА ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

2020 жылдың 24 қараша Информатика кафедрасының 1-курс студенттерінің қатысуымен ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне арналған онлайн режимде конференция өткен болатын. Конференцияға факультеттің ПОҚ және факультет студенттері қатынасты.  Оның ішінде: Абулкасова Д.Б.– Физика-математика факультетінің деканы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты, доцент, Тәрбие ісі жөніндегі проректор Дәрішова Т.М., Маннапова Т.М. – Физика-математика факультетінің декан орынбасары, аға оқытушы, Медешова А.Б. – педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Жубанышова М.Н.– тәрбие жұмысының декан орынбасары, оқытушы. Конференциясы  топ кураторы оқытушы, магистр Б.С. Насырова ашты. Әрі қарай Ақпараттық жүйелер мамандығының студенті А.Укасов пен Есептеуіш техника бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенті Д.Мыңбай жалғастырды. Конференция бағдарламасы бойынша ИС-12 топ студенті Лягина Виктория «Елдіктің бастауы», «Путь к процветанию» д\фильм көрсетіп кинодағы Елбасының рөлін талқылады. Осы фильм бойынша ИС-11 топ студенті Қайырлы Нұржан өз сұрағына жауап алды. Конференция ВТиПО-11-1 топ студенті Михаил Тюрин «Роль Первого Президента Казахстана в жизни казахстанского народа» атты баяндамасымен өз жалғасын тапты. ВТиПО-11 топ студенті өз дайындаған «Тәуелсіздік дәуірі – жасампаздық шежіресі» атты Елбасының туындыларынан слайд көрсетті. ««Nur Otan» партиясының мүшесі, ИС-11 топ студенті А.Укасов Нұр Отан партиясының жүргізіліп жатырған жұмыстарымен ой бөлісті. Конференция барысында Елбасының қанатты сөздерін мәнерлеп оқу (орыс және қазақ) тілінде И-11 топ студенттері Сағидолла Туганай, Джанеттова Жарқынай, ИС-11 топ студенті Утепбергенова Гулжауар оқыды. Қорытындылай келе «Тұңғыш Президент. Тәуелсіз Қазақстан!» видеороликпен аяқтады. Конференция соңында  тәрбие ісі жөніндегі проректор Дәрішова Т.М. студенттерді ҚР-ның мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық моделін қалыптастыру рөлін қосымша ақпараттандырып, қорытынды сөз сөйлеп аяқтады.

12.png - 176.65 kB11.png - 250.15 kB