Ғылым күні – білім мен ізденістің мерекес!

Физика-математика факультетінің студенттері – ғылымның болашағын қалыптастыратын жас зерттеушілер. Олардың табандылығы, аналитикалық ойлауы және жаңалыққа ұмтылысы бүгінгі білім кеңістігінің дамуына зор үлес қосуда.

Ғылыми жобалар мен зерттеулерде жоғары нәтижелер көрсетіп, академиялық жетістіктерімен ерекшеленген белсенді студенттерімізді Ғылым күніне орай марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің жетістіктеріңіз – ғылымға деген адалдықтың, еңбектің және интеллектуалдық ізденістің айқын дәлелі.
Алдағы уақытта да ғылыми биіктерді бағындырып, еліміздің ғылымын жаңа деңгейге көтере берулеріңізге тілектеспіз!