Физика және математика факультетінің ұйымдастыруымен 25 ақпан күні өткен «Brain + Physics» атты танымдық физикалық квизге 3 команда қатысты. Зияткерлік сайыс студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырып, белсенді әрі тартысты жағдайда өтті.
Аталған шара студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамытуға, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Квиз бағдарламасына физика пәні бойынша жалпы сұрақтар, миға арналған қызықты логикалық тапсырмалар және командалар арасында өткен тартысты жарыс кезеңдері енгізілді. Қатысушылар өз білімдерін сынға салып қана қоймай, физиканың күрделі емес, керісінше қызықты әрі қолжетімді ғылым екенін дәлелдей алды.
Іс-шара студенттерге жағымды көңіл күй сыйлап, танымдық әрі пайдалы форматта өтті.

