Ғарыштық модельдеу

26 ақпан күні Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығына М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың физика мамандығында оқитын студенттері ынтымақтастық аясында қонаққа келген болатын. Алдымен студенттер орталықтағы үйірмелерді аралап танысып, "Ғарыштық модельдеу" үйірмесінде өткен іс-шараны тамашалады. Іс шараны өткізген "Ғарыштық модельдеу" үйірмесінің жетекшісі Эльвира Нуржановна Ибатуллиева. Іс-шара квест түрінде өтті және оған келген студенттер де қатысты. Ондағы мақсат студенттер оқушылармен бірлесе жұмыстанып, білім-біліктерін ортаға салып, үлгі көрсету, ынтымақтастықта жұмыстану еді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Соңында студенттер кері байланыс беріп, ұстаздық мамандыққа деген көзқарастары мен болашақ жоспарларымен де бөлісті.