Жазықтықтағы теңдеу

Закариева Зарует Алмазқызы сабағынан практикант Мамаева Жұлдыз Сатыбалдықызы “Жазықтықтағы теңдеу” тақырыбында Хим-15 тобына жоғары математикадан ашық сабақ өткізді.Сабақ амандасудан басталып, үй тапсырмасын “Plickers” көмегімен тексерді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылды.Сабақ барысында тапсырмалар дескрипторларымен беріліп, топтық жұмыс(“Кинолента” әдісі), жұптық жұмыс (chat gpt көмегімен тест), жеке деңгейлік (QR code) тапсырмалар беріліп, оқулықпен жұмыс және тақтамен жұмыс орындалды.Студенттер өздерін, бір бірін және мұғалім тарапынан бағаланып отырды.(Classdojo платформасы) Құндылықтарға баулу мақсатында Қаныш Сатпаевтың туғанына 125 жылдығына орай (D-ID жасанды интеллект) тапсырмамен байланыстырылды.Бекіту тапсырмасын Wordwall көмегімен берілді.Топ басшылары топ мүшелерін қосымша бағалау парақшаларымен бағалап, сабақ соңында қорытынды бағаланды.Сабақ соңында Mentimeter көмегімен рефлексия жасалды.Практикант сабақтың мақсатына жете білді.