1-2 курс Математика, Физика студенттері арасында. Қатысушы топтар: МИ-21, Физ-21, ФИ-11. Өткізілу орны: №1 оқу ғимараты, 306 ауд.
Шараға жауаптылар: Кабибуллин М.Д. аға оқытушы, магистр. 7М01504 Физика БББ 2 курс магистранттары: Амангелді Д., Қарағойшиева Н., Сауранбекова И., Узакова Н.
1.Топқа бөлу. Әдісі - Ұшақ билеттері. Ұшақ билеттері арқылы студенттер 3 топқа бөлінеді: «Air Astana», «Qazaq Air», «Fly Arystan». Әр топтан капитан сайланады.
2.Студенттерді өзара таныстыру мақсатында шаттық шеңберіне тұрып, есімінің бастапқы әріпінен басталатын жағымды сөздер немесе бүгінгі сайысқа сәттілік тілеу.
3.Кезеңдер:
Сұрақтар жалпы физика тарауларының сұрақтары.
1-кезең. «Физикаға қадам бас». Әр топқа 100-200-300 баллдық тапсырмалардан 1 сұрақтан жалпы 12 сұрақ дайындау. 100 баллдық сұрақтарға 30 секунд, 200 баллдық сұрақтарға 45 секунд, 300 баллдық сұрақтарға 1 минут уақыт беріледі.
2-кезең. «Суреттер сөйлейді». Студенттерге жалпы саны 8 сурет беріледі. Сол суреттегі қатысты физикалық заңдылықтарды ашып айту керек. Әрбір сурет 100 баллға бағаланды.
3-кезең. «Кім жылдам?». Әр топқа бір шардан беріледі. Партадан алшақ тұрып, шарды лақтыра отырып, оны жерге түсірмей әр топқа берілген сұраққа жауап беру. Әрбір топқа бірдей 10 сұрақ беріледі. Жалпы10 сұраққа 100 балл, яғни 1 сұраққа 10 баллдан беріледі.(сергіту сәті ретінде)
4-кезең. «Миға шабуыл». Нейрожелі арқылы логикалық сұрақтарды қою. Жалпы 6 сұрақ көрсетіледі, әр сұрақ 100 баллға бағаланады.
5-кезең. «Капитандар бәсекесі». Әр топтың капитандары ортаға шығып «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Жалпы саны 12 сұрақ. Әр сұраққа 10 баллдан беріледі.
4.«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы студенттерді ынталандыру. Әр топқа тәттілер таратылып, топ арасында сол тәттілерді «ең әдемі, ең ақылды, ең ... » деген жағымды сөздермен табыстау.
5.Марапаттау. «ОйнаIQ» интеллектуалдық сайысында:
Ⅰ орын «Qazaq Air» тобы.
Ⅱ орын «Air Astana» тобы.
Ⅲ орын «Fly Arystan» тобы.
(Физ 21: Сақыпкерей Нұрәли, Бекболатқызы Жансая)