«Олимпиададағы күрделі есептерді шығару жолдары» атты ашық сабақ

«Физикалық есептерді шығарудың әдістемелік ерекшеліктері» атты пәні бойынша 18 қараша күні  п.ғ.к., доцент Р.Кусаинов әдістемелік айлық бойынша ашық сабақ оздырылды. Сабақтың мақсаты магистранттарға олимпиада есептерінің шығару жолдарын түсіндіру Сабақ шығармащылық есептерді түсіндірумен басталды.. Математика мен физиканың мазмұнын басқа ғылымдармен- интеграциялау негізінде біртұтастық және қоршаған орта құбылыстарының өзара байланысы туралы дүниетанымын қалыптастыру;  математика мен физиканың әлемдегі орнын- анықтау мен түсіну қабілетін қалыптастыру, қоршаған ортадағы мәселелерді аталған ғылым әдістері арқылы шешу;  статистикалық мәліметтер, шамаларды өлшеу, логикалық- құрылған дәлелдерді көрсету негізінде ұсынысын негіздеу үшін физика-математикалық білімді қолдану қабілетін дамыту ;  табиғи, әлеуметтік, өндірістік-техникалық құбылыстар мен- процестерді зерттеу үшін физика заңдарына сүйене білу білігін қалыптастыру;  түрлі бағыттағы ғылыми жобаларды орындау барысында және- заттың сандық параметрін анықтауда түрлі математикалық әдістерге сүйене білудің жүйелі білігін қалыптастыру арқылы олимпиада есептерінің шығару жолдарын жеткілікті деңгейде түсіндірді.