Практикалық ашық сабақ

Математика мен физика мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасының оқытушысы Г.А. Узакбаева 08.01.2024 күні 6В01502 Математика-Физика БББ-ның 1 курс студенттерімен «Алгебра және сандар теориясы» пәнінен практикалық ашық сабақ өткізді. «Кері матрица» тақырыбындағы практикалық сабақта кері  матрица табудың екі жолымен студенттер есеп шығарды. Кейбір студенттерге карточкамен есептер берілді,  есептің жанында QR кодымен есептің жауабы берілді, студеттер шығарған есебінің дұрыс бұрыстығын тексеріп отырды. Сонымен қатар матрицаның рангін және матрицалық теңдеулерді кері матрицаны қолдану арқылы шешімін тапты. Сабақты қорытындылау үшін Kahoot сайтын пайдаланып, тесттік тапсырмалар берілді. Студенттер сабаққа белсене қатысты. Үй тапсырмасы мен СОӨЖ презентацияда көрсетіліп тұрды. Сабақ түсінікті әрі қызықты өтті. Сабақ қойылған мақсатына жетті, тақырып толық қамтылды.