12.12.2023ж күні физика-математика факультетінің информатика мұғалімдері мен IT мамандарын дайындау БББ-ның ИС-11 және ИС-31 топ студенттерінің кураторлары Жансая Муратовна мен Зухра Максимовнаның ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін» атты М.Жұмабаевтың 130 жылдығына және еліміздің тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағаты оздырылды.
Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген кураторлық сағаттың мақсаты М.Жұмабаевтың еңбегі мен өмір жолы арқылы студенттердің ұлттық рухын ояту, сонымен қатар бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздік туралы баяндау, туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.
Кураторлық сағат барысында студенттер бейнебаян арқылы М.Жұмабаевтың өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты, өздері де ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды. Студенттер Qr-код арқылы топқа бөлініп «Алты қалпақ әдісімен» деп аталатын айдарда М.Жұмабаевқа қатысты ақпараттармен бөлісті. М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деп аталатын кураторлық сағат ақынның өмірі мен шығармашылығынан бастау алса, жаршысы – жастар болып келетін желтоқсан оқиғасымен сабақтасып, одан әрі тәуелсіздікке ұласты. Тәуелсіздігіміздің түп тамыры желтоқсан оқиғасына байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Студенттер абақтыға қамалған Қ.Рысқұлбековтың рөлін сомдады. Сонымен қатар студенттерге Тәуелсіз Қазақстан тақырыбы бойынша викторина өткізілді.
Кураторлық сағат барысында «Мен қазақпын», «Көк тудың желбірегені» әндері шырқалды.
Кураторлық сағат соңында сөз алған физика-математика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Сагинтаевна, информатика мұғалімдері мен ІТ мамандарын дайындау білім беру бағдарламасының жетекшісі Ақмарал Абилкаировна студенттерге ризашылығын айтып, қысқы сессияларына сәттілік тілеп, алдағы уақытта осындай шаралар қатарының көбейе беруіне ниет білдірді.