7-11 ақпан күндері аралығында физика-математика факультетінің ғылыми-әдістемелік апталығы оздырылды. Апталық аясында «Математика» кафедрасы «Болашақ – жастар қолында» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел физика-математика ғылымдарының кандидаты Айман Аманкелдиевна мен математика кафедрасының аға оқытушысы Самал Махамбетовна басшылығымен «Математика» мамандығының 1,2-курс магистранттарының ұйымдастыруымен өткізілді. Оған 3 курс студенттері: МФ-31, Ми/у-33, Мф/у-33 топтары және арнайы шақырылған қонақтар мен «Математика» кафедрасының оқытушылар құрамы: М.М. Кадырбаев; Н.Н. Бердымуратова; Н.Б.Едіге; Г.А. Узакбаева қатысты
Қонақтарымыз жекелей қойылған сұрақтарға жауап берді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлден Маликовна, Назарбаев Зияткерлік мектебінде үш тілді кіріктіріп оқытуда математиканы ағылшын тілінде оқыту қалай жолға қойылғанын, қалай жүзеге асып жатырғанын айтса, Гүлназ Табылдиевна: қалалық жас мамандар жетекшісі бола жүріп, жас мамандардың қарым-қабілеттері жалпы атқарып жатырған жұмыстары жөнінде, Ернар Ізбасарұлы математикалық олипиада туралы жас мамандарға кеңіс беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Руслан Жумабаевич Жангир хан университеті «Машина жасау» мамандығынан педагогикалық мамандыққа қалай келгендігін айтса, Айгул Ермековна Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Математикалық және компьютердлік программалау» мамандығын бітіріп, магистратураны Астана қаласында жалғастырмай, математиканы таңдап Орал қаласына келуіне не себепші болғанын айтты.
Марс Мавлетұлы–математика-инф мұғалімі және облыстық работотехника жетекшісі. Әр түрлі жастағы оқушылардың работехникаға қызығушылығымен қазіргі таңдағы оқушыларының осы саладағы жетістіктерін атап таныстырды. Рабиға Жомартқызы «Серпін» бағдарламасымен неге М. Өтемісов атындағы БҚУ-ды таңдағанын және Орал қаласында қалып, магистратураны осы білім ордасында жалғастыруға не себепші болғанын айтты. Мейірбек Орлеуұлы Бизнес пен математиканы байланыстырып, оқу орталығын қалай жүргізуге болатынынын ашып көрсетті. Әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімі, сарапшы Темрешева Лариса Нагиденовна өткен шараның жоғары деңгейде, әрі болашақ маман иесі ретінде студенттерге өте пайдалы өткенін және кездесудің жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. Студенттерге дөңгелек үстел барысында викториналық сұрақтар қойылып, ынталандыру сыйлықтары табысталып, студенттер ойларындағы сұрақтарын қойып, гуглформада кері байланыста өздерінің дөңгелек үстел туралы әсерлерін ортаға салды.
Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. «Математика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы да дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында білім мен ғылымды жанына серік еткен Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!
Нуримова Гүлшат Мырзабайқызы
7М01501 мамандығының 2 курс магистранты