М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Физика» кафедрасының оқытушысы А.О.Губашеваның Теректі ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінде жүргізген кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша
ЕCЕБІ
Қараша айының 19 күніндегі №013(ә) – 588 бұйрығына сәйкес 20.11.2019 – 22.11.2019 жыл аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары Теректі ауданы бойынша жалпы орта білім беретін мектептердің 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Бекітілген мектептермен кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша ынтымақтастық туралы екіжақты келісімшарттар жасалды.
2019-2020 оқу жылында ҰБТ-ға енгізілген жаңа ережелер мен құжаттарды қабылдау мерзімдерімен таныстыру, 11 сынып оқушыларымен әңгімесу және арнайы дайындалған сауалнама жүргізілді. БҚМУ туралы толық мағлұматтар берілді. Университеттің «Өркен» газеті және басқа да ақпараттық үлестірмелі материалдар таратылды. Мектеп түлектері тарапынан қойылған сұрақтар талқыланды. Мектеп басшыларымен және мұғалімдерімен мектеп түлектерінің жоспарлары туралы, оқушылардың таңдау пәндері және қандай мамандықтар таңдап отырғаны туралы сұхбаттасу өткізілді.
Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ (Сарыөмір ауылы, Шалқар). Оқытылу тілі – қазақ. Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ-ның 11 сыныбында - 20 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 16.
Аңқаты ЖОББМ (Аңқаты ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. Аңқаты ЖОББМ-ның 11 сыныбында - 12 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 12.
Шаған ЖОББМ (Новая жизнь ауылы). Оқытылу тілі – қазақ\.орыс Сауалнамаға қатысқаны – 20.
Госплемстанция ЖОББМ (Юбилейное ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. Ұзынкөл ЖОББМ-ның 11 сыныбында - 6 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 5.
«Үміт» гимназиясы (Подстепное ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. «Үміт» гимназиясында оқитын оқушы саны - 40. Сауалнамаға қатысқаны – 34.
Подстпеное № 2 ЖОББМ. Оқытылу тілі – қазақ. Подстпеное № 2 ЖОББМ-ның 11 сыныбының қазақ сыныбында 34 оқушы, орыс сыныбында 19 орыс оқушы бар. Сауалнамаға қатысқаны – 34.
Подстпеное № 1 ЖОББМ. Оқытылу тілі – қазақ\орыс Подстпеное № 1 ЖОББМныңм 11 сыныбының қазақ сыныбында 13 оқушы, орыс сыныбында 19 орыс оқушы бар. Сауалнамаға қатысқаны – 18.
Абай атындағы ЖОББМ (Абай ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. Абай ЖОББМ-ның 11 сыныбында - 5 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 3.
Ақжайық ЖОББМ (Ақжайық ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. Ақжайық ЖОББМ-ында 11 сынып саны – 2. Жалпы оқушы саны – 33.
Восход ЖОББМ (Ақсоғым ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. Восход ЖОББМ-ның 11 сыныбында - 4 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 4.
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ (Шағатай ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-ның 11 сыныбында - 13 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 10.
Магистральный ЖОББМ (Магистраль станциясы). Оқытылу тілі – орыс. Магистральный ЖОББМ-ында 11 сыныпта 9 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 8.
Ақсуат ЖОББМ (Ақсуат ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. Ақсуат ЖОББМ-ның 11 сыныбында барлығы – 9 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 7.
№ 1 Федоровка ЖОББМ (Федоров ауылы). Оқытылу тілі – орыс. № 1 Федоровка ЖОББМ-ның 11 сыныбында барлығы – 23 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 13.
Федоровка қазақ ЖОББМ (Федоров ауылы). Оқытылу тілі – қазақ. Федоровка қазақ ЖОББМ-ның 11 сыныбында барлығы – 23 оқушы. Сауалнамаға қатысқаны – 13.
Чапаев ЖОББМ (Долиное ауылы). Оқытылу тілі – қазақ\орыс. Чапаев ЖОББМ-ында 11 сыныпта оқитын оқушылар саны – 10 қазақ сыныбында 7, орыс сыныбында - 3. Сауалнамаға сабақта болған барлық – 10 оқушы қатысты.
Бұл кездесулерге сонымен қатар жоғарыда аталған мектептердің мұғалімдері қатысты. Кейбір мектеп директорлары БҚМУ-нің түлектерін жұмысқа алатындары туралы тілек білдірді.
Теректі ауданы бойынша барлығы сауалнамаға қатысқан оқушылар саны – 243 оқушы. Оның ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ ды таңдағандары 30 оқушы, ойында бар оқушы саны - 103. Яғни сауалнама нәтижесі бойынша мектеп түлектерінің 12,3 пайызы біздің университетті таңдап отырса, түлектің 42,3 пайызы университетке келу ойларында бар екенін көрсетті.
Жалпы, Теректі ауданы бойынша мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы кезінде Ұзынкөл ЖОББМ (Ұзынкөл ауылы), Новопавловка ЖОББМ (Новопаловка ауылы), Приречный ЖОББМ (Приречное ауылы), Покатиловка ЖОББМ (Покатиловка ауылы) мектептеріне көліктің техникалық ақаулығына байланысты кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілген жоқ.
Алдағы уақытта Теректі ауданы бойынша мектеп мұғалімдері университет тарапынан осындай кәсіби бағдар жұмыстары жылына кем дегенде екі рет жүргізілсе деген ұсыныс білдірді.
Физика кафедрасының оқытушы-магистрі: Губашева А.О.