физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Жалпы педагогикалық өтілі: 55 жыл.Зейнеткер.
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Өмірбаян
Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, кафедра доцентінің міндетін атқарушы
Білімі:
1962-1967 жж. Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің «Математика» мамандығы бойынша білім алды.
1971-1974 жж. Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінде доцент Н.И.Терещенконың ғылыми жетекшілігімен аспирантура өтті.
1975 жж. «Екінші ретті кейбір дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің қалыпты шешімдері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
2004 ж. «Полином коэффициентті екінші ретті дербес туындылы арнайы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің қалыпты шешімдері» тақырыбына докторлық диссертация қорғады.
Еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі
1967-1970 жж. Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының Математика кафедрасының оқытушысы, Жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы.
1970-1974 жж. Аспирантураға түсуге дайындық және аспирантура өтті.
1974-1975 жж. Ақтөбе педагогика институтының математикалық анализ кафедрасының аға оқытушысы.
1975-1981 жж. Ақтөбе педагогика институтының физика-математика факультетінің деканы.
1981-1982 жж. Математикалық анализ кафедрасының доценті, осы кафедраның меңгерушісі.
1982-1984 жж. Алматы халық шаруашылығы институтының Ақтөбедегі филиалының экономика-жоспарлау факультетінің деканы.
1984-1989 жж. Математикалық анализ кафедрасының меңгерушісі.
1989-1990 жж. Информатика және есептеуіш техника кафедрасының алғашқы меңгерушісі.
1990-1992 жж. Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының аға ғылыми қызметкері.
1997 жылы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ИЕТ кафедрасының академиялық профессоры.
1992-1999 жж. Ақтөбе педагогика институтының және оның негізінде құрылған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Информатика және есептеуіш техника кафедрасының меңгерушісі.
1999-2009 жж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетінің деканы қызметін атқарды.
2005-2010 жж. Халықаралық кәсіби «Тұран-Профи» Академиясы (Астана), Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-мен бірігіп, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі және Inwent (Германия) қоғамының қолдауымен ҚР экономика саласының басшы қызметкерлері мен менеджерлерінің білім көтеру бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі ретінде Ақтөбе университетінің экономика факультетінің базасында курстар ұйымдастырды.
2009-2021 жж. - Информатика және есептеуіш техника кафедрасының оқытушысы, зейнеткер.
2022 ж. бастап - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доцентінің міндетін атқарушы.
Мемлекет аралық тәжірибесі
1970-1971 жж. Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінде аспирантураға түсуге дайындық өтті.
1971-1974 жж. Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінде доцент Н.И.Терещенконың ғылыми жетекшілігімен аспирантура өтті.
1985 ж. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Зеленоград Есептеуіш техника институттарында информатика бойынша дайындықтар өтті.
1990-1992 жж. Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының аға ғылыми қызметкері.
Москва, Киев, Баку, Фетхие, Ташкент, Сакария, Канев, Нальчик, Тернополь, Бишкек т.б. 20-дан астам алыс және жақын шет ел қалаларындағы ғылыми орталықтарында өткен халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған.
Түрік дүниесі математиктерінің ІІ-ші (Түркия, Сакария), ІІІ-ші (Алматы, Қазақстан), IV-ші (Баку,Әзербайжан), V-ші (Бішкек,Қырғызстан) симпозиумдарына қатысып, баяндамалар жасаған.
International ISAAC Congres-тің VІ-шы (Анкара, 2007), VІІ-ші (Лондон, 2009), VІІІ-ші конгрестерінің материалдарында еңбектері шыққан.
Математика ғылымында қалыптасқан әдемі дәстүр - математика ғылымдарында әрбір сала бойынша үлкен ағаштың діңгегіне сол саланың негізін салушының аты-жөнін жазып, бұтақтарына сол саланы дамытуға елеулі үлес қосқан адамдардың аты-жөні жазылады, басқаша айтқанда сала бойынша оған еңбегі сіңген ғалымдардың шежіресі жасалады.
Математиканың дифференциалдық теңдеулер саласы бойынша осындай зәулім ағаштың бір бұтағы ретінде Жақсылық Тасмамбетовтың аты-жөні АҚШ-тағы Оңтүстік Дакота мемлекеттік университетінің математика факультетінде жазылған (www.genealogy.ams.org/id.php?id=86063).