аға оқытушы
Еңбек өтілі: 47 жыл
Өмірбаян
Білімі:1970-19749 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетінде оқып, «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
1974-1976 жылдары Жаңақала ауданының Айдархан орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі. 1976-1981 жылдары Ақжайық ауданы Х.Есенжанов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі (1 жыл), сол мектептің директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (4 жыл) қызметтерін атқарды.
1981-1988 жылдары Ақжайық ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1988 жылы Мемлекет басшысының Жарғысымен Ақжайық ауданы қысқартылып, Чапааев ауданына берілді.
1988-1996 жылдары Есенжанов атындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі (10 ай), мектеп директоры (5 жыл), Шалқар ауылдық округінің әкімі (2 жыл) қызметтерін атқарған.
1996-1997 жылдары Ақжайық ауданы таратылғанға дейін аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1997-2000 жылдары-Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп директорының орынбасары қызметін атқарды.
2001-2006 жылдары облыстық білім басқармасында бөлім бастығы (4 жыл) және басқарма басшысының орынбасары (1 жыл) болып жұмыс істеді.
2006-2013 жылдары-облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, ал 2013-2016 жылдары-М. Өтемісов атындағы Облыстық сауықтыру мектеп-интернатының директоры болды.