2021-2022 оқу жылындағы кәсіби-бағдар жұмыстары

Оқу жылының басында информатика кафедрасы бойынша кәсіби бағдар жұмысының жоспары құрылып, бекітілді.

03.11.2021ж информатика кафедрасының доценті А.Б.Медешова №46 ЖОББМ-нің  11-сынып  оқушыларының онлайн форматында өткізілген ата-аналар жиналысына қатысып, университет пен кафедра мамандықтары  туралы мағлұматтар беріп, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

18.11.2021ж. кафедраның аға оқытушысы Г.Қ.Амантурлина жұмысшы топпен Орал қаласындағы №44 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар  жұмысын жүргізді. Мектеп түлектері жиналған жиында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті және информатика кафедрасы туралы мағлұматтар берілді. Университет жайлы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар сауалнамалар толтырылды және университет, кафедра букулеттері таратылды.

18.11.2021ж З.М.Химеденова  университеттің кафедра оқытушыларынан құралған жұмысшы топпен бірге №47 ЖОББМ-не кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектеріне университет пен мамандықтар жөнінде мағлұмат беріліп, сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар түлектер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Ертеңіне айқын мақсатпен, нық сеніммен  қарап отырған түлектерге оқытушылар  сәттілік тіледі.

№47 ЖОББМ-не жүргізілген сауалнама нәтижесі:

Сауалнамаға қатысқан

түлек саны

Бейіндік пәндері физика+математика болатын түлектер саны

 

Университетті таңдап отырған түлектер саны

Университетке түсу ойында бар түлектер саны

53

17

4

18

 

 10.12.2021ж З.М.Химеденова университеттің  оқытушылар құрамымен №10 ЖОББМ-не кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Мектеп түлектері оқытушыларды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Түлектер сауалнама толтырып, оқытушыларға көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Оқытушылар түлектердің қойған сұрақтары бойынша мамандықтар туралы нақты мағлұматтар берді. Ұлдардың көпшілігі университетте әскери кафедраның бар екенін барған оқытушылардан біліп, осы бағытта сұрақтар қойып қызығушылық танытты.

11.12.2021ж  информатика кафедрасының аға оқытушысы Д.Н Курмашева Орал қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіби-бағдар беру жұмысы жүргізілді. 11-сыныпе оқушыларына сауалнама жүргізілді, бейнеролик көрсетілді.  Сондай-ақ оқушылармен биология, биология-география, химия-биология, экология, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламалары туралы әңгіме жүргізілді Оқушыларға білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылған буклеттер таратылды. Сонымен бірге ЖОО оқытушыларымен білім беру бағдарламаларының презентациясы өткізілдідемонстрацияланды. Оқушылар мамандыққа өту балдарының санына, оқу құнына, университеттің материалдық базасына қатысты сұрақтар қойды. Оқушылардың көпшілігі басқа қалалардың және басқа мемлекеттердің университеттеріне оқуға түсуді көздейді.

Кафедра оқытушысы  Г.А.Дошева 2021 жылдың 21-желтоқсан күні республикалық жоғары техникалық колледжінің бітіруші топтарына төмендегідей кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмыстану барысында 2021-2022 оқу жылында КТ-ге енгізілген жаңа ережелер мен құжаттарды қабылдау мерзімдерімен таныстыру, бітіруші топ студенттерімен әңгімелесу жүргізілді. Кездесу барысында БҚУ тарихы, факультеттетері туралы толық мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, физика-математика факультетіне тоқталып, информатика кафедрасы бойынша мамандықтар туралы толық ақпарат берілді. Университеттің мамандықтары туралы журналы және басқа да  ақпараттық үлестірмелі материалдар таратылды. Колледж түлектері тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Колледж басшысы мен  топ кураторы колледж түлектерінің жоспарлары  туралы, студенттердің  қандай мамандық таңдап отырғаны туралы сұхбаттасу өткізілді. Алдағы уақытта колледж басшылығы университет тарапынан осындай кәсіби бағдар жұмыстары жылына кем дегенде екі рет жүргізілсе деген ұсыныс білдірді.

Информатика кафедрасының аға оқытушылары Ж.С.Иксебаева мен Ж.Ж.Багисов 21.12.2021ж  МЕББМ «Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі» мен 23.12.2021ж  Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтар талқыланды. Студенттер алдағы уақытта университетке оқуға түсуге ниеттерін білдірді.

Кәсіби бағдар жұмысы бойынша жауапты оқытушы,

З.М.Химеденова