Оқу жылының басында кафедраның 2019-2020 оқу жылына арналған кафедра филиал жұмысы бойынша жылдық жоспары құрылып, жоғары оқу орнына дейінгі орталықпен келісіліп бекітілді.
Сонымен қатар, қала мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу үшін оқытушылар тағайындалып, тізімі жоғары оқу орнына дейінгі орталығына тапсырылды.
Информатика кафедрасы бойынша 2019-2020 оқу жылына бекітілген мектеп бойынша кәсіби-бағдар жұмыстары жүргізілуде. Желтоқсан айында «Бейбіт елдің ұланымыз» атты онлайн фото-конкурс өткізілді. Конкурска Орал қаласының барлық оқушылары мен студенттері қатысты.
«Жексенбілік мектеп» аясында ақпан айынан бастап әр жұма сайын «Бағдарламалау», «Компьютерлік графика», «Робототехника» пәндерінен кесте бойынша сабақтар жүргізіледі.
Сонымен қатар, бекітлген мектептер бойынша оқытушалар кесте бойынша барып кәсіби-бағдар жұмысын жүргізді.
Мектеп түлектері мен мұғалімдер кәсіби бағдар жұмысы аясында біраз сұрақтарға жауап алып, өз алғыстарын білдірді.
Кездесуге қатысқан мектеп ұжымының мүшелері мұндай кәсіби бағдар шарасының түлектерге мамандық таңдауда өте қажет екенін және оқушылардың пайдалы ақпарат алғанын айтып, түлектер және олардың ата- анасымен бірге өтетін көктем мезгілінде жоспарланған кездесу шарасына қатысуымызды сұрады.
Кәсіби бағдар жұмысына жауапты оқытушы,
магистр:________Г.А.Дошева