5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету

5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету мамандығының білім беру бағдарламасы

1.5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету мамандығының мақсаты мен міндеттері

5В070400- Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша ББ мақсаты болып бағдарламалық өнімдерді жасау мен қолдануға, әлеуметтік және кәсіби есептерді шешу үшін компьютерлік жүйелер мен желілерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуге бағытталған IT-технология бойынша маман дайындау болып табылады.

5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша түлектерді дайындаудың жалпыға міндетті бағдарламасының негізгі міндеті мыналарды қамтамасыз етеді:

- Іргелі пәндер бойынша базалық білімді алу;

- Ақпараттық жүйе мамандығыбойынша жоғары сапалы кәсіби білім алу;

- Этикалық және құқықтық нормаларды, гуманитарлық мәдениетті меңгеру;

- Жеке оқу бағдарламасын таңдау;

- Білім беруді жоғары кәсіби білім деңгейінде жалғастыру;

2.5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету мамандығы түлегінің білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде қалыптасқан құзыреттіліктері

Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді:

Бітіруші түлектердің жалпымәдени құзыреттілігінің сипатталуы:

- Этикалық және рухани құндылықтар, тұлғаға бағытталған әлеуметтік көзқарастар, қоғамның жалпы заңдары мен реттеу түрлері, биліктің мәні мен саяси өмірі, саяси қатынастар мен процестер, қоғам өмірінде саяси жүйелердің маңызы,сана және өзіндік сананың маңызы,адамдардың қарым-қатынасы мен қызметтері,тұлғаның қалыптасуы туралы түсінігі бар;

- Өркениеттің дамуындағы ғылымның рөлін,ғылым мен техника арасындағы қатынасты, психиканың негізгі механизмдерін,тұлға болып қалыптасуда табиғи және жасанды факторлардың қатынасын, адам өміріндегі мәдениеттің рөлін, маманды дайындау мен тұлға болып қалыптасуда дене шынықтырудың маңызын түсіну;

- Салт-дәстүрлер мен қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтар мен оларға өзінің кәсіби қызметінде бағдар табуды, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, адам және азаматтың құқығы мен бостандығын,құқықтық жүйелердің негізі мен Қазақстанның заңнамасын, қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін, адам өміріндегі салауатты өмір салты принципері мен дене шынықтыру негіздерін білу;

- Түрлі қоғамдық жағдайларда дұрыс бағдар табуды, туындаған проблемалар бойынша өз ойын білдіру мен негіздеуді, өткен тарихқа байланысты құндылық қатынастарын, ымыраға келуді, өз ойың ұжыммен салыстыруды білу;

- Мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын, білім мен дағдының практикалық жүйесін, өз: этикалық мінез-құлық және құқықтық стандарттар; тәжірибелік білім мен дағдылар жүйесін, психофизикалық қабілеттері және сапасын жақсарту мен жандандыруды, дамытуды қамтамасыз ететін, денсаулықты сақтау мен шынықтыруды, командада жұмыс істей білу қабілетін, дұрыс өз көзқарасын қорғау мен жаңа шешімдерді ұсынуды меңгеру;

- Басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүріне толерантты болу;

- Жеке және кәсіби өсуге ұмтылу.

5В070400 –Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету мамандығы бакалаврының кәсіби құзіреттілігінің сипатталуы:

жобалық-технологиялық қызмет саласында:

 - жобалау үшін бастапқы деректерді жинау және талдау;-

- жобалауды автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып техникалық талаптарға сәйкес аппараттық және программалық құралдарды (жүйелер, құрылғылар, компоненттер, бағдарламалар, мәліметтер қоры және т.б.); жобалау;

- дайындалып жатқан жоба мен техникалық құжаттың стандартқа, техникалық талаптар мен басқа да нормативтерге сәйкестігін бақылау;

- жобалық есептеулердің алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемесін өткізу.

өндірістік-технологиялық қызмет саласында:

- программалық қамтамасыз етуді дайындауда қазіргі заманғы аспаптық құралдарды қолдану;

- жүйеге қашықтан қол жеткізуді жүзеге асыруда Web-технологияларды қолдану;

- программалық өнімнің сапасын бағалау мен бақылаудың типтік әдістерін және стандартты пайдалану;

- технологиялық процестерді автоматтандыру бойынша өндірістің жаңа өнімін дайындау жолындағы жұмысттарға қатынасу;

- автоматтандырылған жобалау объектілері мен зерттеудің программалық-әдістемелік кешендерін қолдану және меңгеру.

ұйымдастырушылық-басқару қызметі саласында:

- жұмыс орындарын ұйымдастыруды жүзеге асыру мен компьютерлік жабдықтарды орналастыру қабілеті;

- шағын топтардағы адамдардың жұмысын ұйымдастыру қабілеті;

- объектінің жобалау сапасын қамтамасыз ету үшін өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалауды өткізу қабілеті;

- кіріс ақпарат сапасын бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыруға дайындық;

- жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау;

- программалық өнімді жетелеу мен баптау бойынша жұмысты жоспарлау мен үйлестіру;

- программалық өнімді дайындауға техникалық талаптарды құрастыру;

ғылыми-зерттеу қызметі саласында:

-зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибелердің ғылыми-техникалық ақпараттарының талдауларын жинау;

- қолданылып отырған математикалық модельді тексеру мақсатында есептеу тәжірибесін өткізу жұмыстрына қатысу;

- бәсекеге қабілетті идеяларды қалыптастыру және оларды жобаларда жүзеге асыру.

монтаждау-реттеу қызметі саласында:

 - перифериялық жабдықтар және программалық құралдарды, ЭЕМ-ді тексеру, реттеу, баптау;

- есептеу жабдықтарының тораптары мен құрылғылардың түйісуі, компьютерлік желілерді іске қосуда монтаждау, реттеу.

3.Кәсіби қызмет саласы

Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету мамандығыбакалаврының қызметтік салалары: мелекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар, түрлі салаларда программалық қамтамасыз етуді және есептеу техникасын ендіру мен қолданатын, дамытатын, атап айтқанд: машина құруда, металлургияда, көлікте, телекоммуникацияда, ғылым және білімде, денсаулық сақтауда, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету саласында, әкімшілік басқаруда, экономикада, бизнесте, түрлі технологияларды басқаруда, яғни адам қызметінің барлық салаларында.


Басып шығару