6В01518 "Информатика және poбототехника" білім беру бағдарламасы

6В01518 Информатика және poбототехника білім беру бағдарламасының паспорты 

  1.  Білім беру бағдарламасының мақсаты:

БББ мақсаты - информатика және poбототехника саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға, жоғары бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлау

Түлекке академиялық дәреже беріледі: 6В01518 Информатика және poбототехника білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры. 

Білім бакалаврлары білім беру қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдардың лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарды атқара алады. 

Бағдарламаның негізгі принциптері:

  • Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: пәндік дескрипторлар, цикл және оқу деңгейі (мысалы, Дублиндік дескрипторлар, аккредиттеу агенттіктерінің талаптары және стратегиялық серіктестердің үміттері);
  • Еңбек нарығына және тұтынушыларға бағытталған;
  • сындарлы дәйектілік пен жүйелілік принципіне негізделген: түлектің моделі, мақсаттары, жоспарланған оқыту нәтижелері, бағалау және оқыту әдістері;
  • Кәсіби тәжірибеде ең жаңа зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.
  1. Түлектердің біліктілік моделі

6В01518 Информатика және poбототехника білім беру бағдарламасының түлегі күтілетін нәтижелерге негізделген орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес әр түрлі кәсіби міндеттерді шеше алады:

  • кәсіптік қызмет объектілеріне сәйкес оқу орындарында информатикадан сабақ береді;
  • педагогикалық және білім беру қызметін, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырады;
  • информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізеді, студенттерді әлеуметтік құндылықтар жүйесімен таныстырады;
  • ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің, әдістемелік эксперименттер жүргізудің дағдыларын иеленеді, оқу пpoцесін әдістемелік қамтамасыз етеді, студенттердің білім беру мазмұнын игеру деңгейін зерттейді, білім беру ортасын зерттейді;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде инклюзивті және сараланған тәсілдерді қолданады;
  • кәсіби қоғамдастықпен және білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттеседі -Көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге ие, жаһандық сын-қатерлерге бейім.


Басып шығару