Оқу бағдарламасының паспорты 6B06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Мемлекеттік басқару органдарының компьютерлік және ақпараттық қызметтерінде, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, қаржы ұйымдарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, жобалау ұйымдарында, оқу орындарында, коммерциялық компанияларда жұмыс істеу үшін қазіргі заманғы ІТ-технологиялар, Автоматтандыру, Схемотехника және робототехника саласында бәсекеге қабілетті бағдарламашылар мен мамандарды даярлау
Осы білім беру бағдарламасының түлегіне 6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр академиялық дәрежесі беріледі
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету түлектердің кәсіби қызмет саласы болып есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әр түрлі салаларда, атап айтқанда: өнеркәсіп, ғылым және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, мемлекеттік басқару және т. б. салаларында әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар табылады.
Бағдарламаның негізгі принциптері:
- Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: пәндік дескрипторлар, цикл және оқу деңгейі (мысалы, Дублиндік дескрипторлар, аккредиттеу агенттіктерінің талаптары және стратегиялық серіктестердің үміттері);
- Еңбек нарығына және тұтынушыларға бағытталған;
- сындарлы дәйектілік пен жүйелілік принципіне негізделген: түлектің моделі, мақсаттары, жоспарланған оқыту нәтижелері, бағалау және оқыту әдістері;
- Кәсіби тәжірибеде ең жаңа зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.
- Түлектердің біліктілік моделі
6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасының түлегі кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: жобалау; өндірістік және технологиялық; эксперименттік зерттеулер; ұйымдастырушылық және басқарушылық; жедел.
6В06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасының түлегі кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес әр түрлі кәсіби мәселелерді шеше алады:
- аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйелерінің компоненттерінің архитектурасын және соған сәйкес адам-машина интерфейстерін жобалау;
- ақпаратты өңдеу мен басқаруға арналған компьютерлік жүйелерді енгізу үшін компьютерлік технологияларды, бағдарламалау құралдарын қолдану;
- ақпараттарды өңдеу мен басқаруға арналған жүйелік, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды, компьютерлік технологияны және компьютерлік жүйелерді орнату, конфигурациялау және қызмет көрсету;
- бағдарламалық өнімдерге, ақпаратты өңдеу мен басқаруға арналған компьютерлік жүйелерге қызмет көрсету.
Көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік қабілеттерге ие, жаһандық сын-қатерлерге бейім.