
Математика мен физика мұғалімдерін дайындау Білім беру бағдарламасының жетекшісі - Айтенова Гулсезим Муратовна философия докторы (phD) қауымдастырылыған профессор
«Математика және физика мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерге, лицейлерге, гимназияларға, колледждерге және қосымша білім беру ұйымдарына білікті, бәсекеге қабілетті және шығармашылық тұрғыдан ойлайтын педагогтерді даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – болашақ педагогтердің математика және физика салаларындағы іргелі білімдерін, кәсіби-педагогикалық құзыреттерін, зерттеушілік дағдыларын, цифрлық сауаттылығын және кәсіби қызметте заманауи білім беру технологияларын қолдануға дайындығын қалыптастыру.
Оқу барысында студенттер математикалық талдау, алгебра, геометрия, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика, механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика пәндерін оқиды. Педагогикаға, психологияға, математика мен физиканы оқыту әдістемесіне, оқу физикалық экспериментін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Студенттер сабақты жоспарлау мен өткізудің заманауи әдістерін меңгереді, оқу тапсырмаларын әзірлеуді, сараланған және жеке тәсілдерді қолдануды, білім алушылардың жобалық және зерттеушілік қызметін ұйымдастыруды үйренеді. Білім беру үдерісінде оқытудың интерактивті әдістері, STEM тәсілі, цифрлық білім беру ресурстары, виртуалды зертханалар, компьютерлік модельдеу және жасанды интеллект құралдары қолданылады.
Практикалық даярлық білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Алынған теориялық білім оқу, педагогикалық және зерттеушілік практикалар барысында бекітіледі. Студенттер білім беру ұйымдарының қызметімен танысады, математика және физика пәндері бойынша сабақтар өткізеді, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырады, педагогикалық зерттеулер жүргізеді және өздерінің кәсіби қызметінің нәтижелерін талдайды.
Білім алушылар заманауи зертханалық және демонстрациялық жабдықтармен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен және цифрлық өлшеу жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Олар физикалық экспериментті қауіпсіз ұйымдастыруды, эксперименттік деректерді өңдеуді, графиктер құруды, өлшеу қателіктерін бағалауды және зерттеу нәтижелерін ұсынуды үйренеді.
Білім беру бағдарламасы аясында келесі кәсіби құзыреттер қалыптастырылады:
- математика және физика сабақтарын жоспарлау және өткізу;
- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану;
- зертханалық, практикалық және жобалық жұмыстарды ұйымдастыру;
- оқу және бағалау материалдарын әзірлеу;
- цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану;
- білім алушылардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру;
- критериалды және қалыптастырушы бағалауды қолдану;
- инклюзивті және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру;
- әдістемелік және педагогикалық талдау жүргізу;
- кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамыту және біліктілікті арттыру.
Білім беру бағдарламасының түлектері келесі қызметтерді атқара алады:
- математика және физика мұғалімі;
- колледждердің және басқа да білім беру ұйымдарының оқытушысы;
- қосымша білім беру педагогі;
- пәндік үйірмелер мен STEM зертханаларының жетекшісі;
- білім беру ұйымдарының әдіскері;
- оқу және ғылыми зертханалардың қызметкері;
- цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші;
- білім беру және ғылыми-әдістемелік орталықтардың маманы.
Алынған білім мен кәсіби құзыреттер түлектерге заманауи білім беру ортасында табысты жұмыс істеуге, оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге, білім алушылардың жобалық және зерттеушілік қызметін ұйымдастыруға, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысуға мүмкіндік береді.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер педагогикалық, физика-математикалық және басқа да сабақтас бағыттар бойынша магистратурада білімін жалғастыра алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысып, кәсіби біліктілігін жетілдіре алады.
Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасы бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлауды жүзеге асырады, білім берудің сабақтастығын және одан әрі кәсіби әрі академиялық даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бакалавриат білім беру бағдарламалары
- 6В01501 — Математика
- 6В01502 — Математика-Физика
- 6В01504 — Физика
- 6В01503 — Математика-Информатика
- 6В01536 — Физика (IP)
- 6В01520 — Математика (IP)
- 6В01505 — Физика-Информатика
Магистратура білім беру бағдарламалары
- 7М01501 — Математика
- 7М01504 — Физика

